Ұлыбританиялық басылымдар АҚШ-тың бұрынғы теннисшісі әрі блогері Рейчел Штульманға тәнті болып, оны әлемдегі ең сексуалды теннисші деп атады.
33 жастағы Штульман Майами Open турнирінде ашық көйлекпен бой көрсетіп, жанкүйерлер назарын өзіне аударды. «The Sun» басылымы:
«Рейчел Штульман турнирде гүлді көйлек киіп, сұлулығымен жұртты тәнті етті. Ол бірнеше жылдан бері кәсіби спортпен айналыспаса да, әлемдегі ең сексуалды теннисші атанып үлгерді», – деп жазды.
Соңғы фотосессиясындағы суреттер әлеуметтік желіде кең таралып, қызу талқылануда. Штульман турнир кезінде трибунада гүлді көйлекпен түскен фотосымен көпшілікті баурап алды.
Рейчел жастайынан тенниспен айналысып, 2010–2014 жылдар аралығында NCAA студенттік лигасында Миссури университетінің атынан өнер көрсеткен. WTA деңгейіне жете алмағанымен, ол өзін теннис медиа кеңістігінде көрсете білді. Бүгінде ол — белгілі блогер, спортшылармен сұхбаттасып, контент жасайтын тұлға. Instagram желісінде оны 300 мыңнан астам адам оқиды.
Айта кетейік, отандық теннисші Елена Рыбакинаның сұлулығы да үнемі әлемдік БАҚ назарында. 2022 жылы Қытай жанкүйерлері оны «супермодель» деп атаған еді. Ал WTA-ның финалдық турнирі қарсаңында мексикалық басылымдар:
«Рыбакина — әлемдік турдағы ең сұлу теннисші», — деп жазған болатын.