Бейбіт Жұқаев Дубайда 24 дүркін «Grand Slam» чемпионы, Олимпиада жеңімпазы Новак Джоковичпен бір кортта жаттығу өткізіп, жанкүйерлерді таңғалдырды.
Жұқаев әлеуметтік желіге Джоковичпен бірге түскен суретін жариялап, маусым алдында дайындық жүріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, әлемдік рекордтарға жақын сербиялық жұлдызбен Дубайда бірлескен жаттығу жасауға мүмкіндік туған.
Спортшы жазбасында қысқаша былай деп атап өтті: Джоковичке жаттығу үшін алғыс айтып, 2026 жылғы маусымға дайындық басталғанын жеткізді.
Жұқаевтың жарияланымына қазақстандық оқырман бірден үн қосып, пікір қалдырды. Комментарийлер арасында әзіл де, тілек те болды:
Еске салайық, Джокович жуырда ATP деңгейіндегі 101-ші титулын жеңіп алып, тур тарихындағы ең егде чемпион атанды (38 жас 5 ай).
Жалпы титул саны бойынша ол тек Джимми Коннорс (109) пен Роджер Федерерден (103) кейін тұр.