Елена Рыбакина құрлықтық кубокта сенсация жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық теннисші Олимпиада чемпионынымен сайысқа түсті.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан World Tennis Continental Cup көрме турнирінде Швейцария өкілі Белинда Бенчичті (11-орын) жеңді.

Рыбакина Бенчичті екі сетте сенімді түрде ұтты — 6:3, 6:4.

Айта кетейік, бұл Елена Рыбакина үшін биылғы жылғы жекелей сындағы соңғы матч болды. Сондай-ақ бүгін Шэньчжэньдегі турнирде ол аралас жұпта да өнер көрсетеді: ресейлік теннисші Андрей Рублевпен бірге Валантен Вашро (Монако) / Ига Швёнтек (Польша) жұбына қарсы ойнайды. Ал Белинда Бенчичтің Токио-2020 Олимпиадасының жекелей сындағы чемпионы екенін атап өткен жөн.