Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Тіпті терлемеген»: қазақстандық теннисші Новак Джоковичпен бірге жаттықты

Сарапшы, спорт журналисі

Бейбіт Жұқаев Дубайда 24 дүркін «Grand Slam» чемпионы, Олимпиада жеңімпазы Новак Джоковичпен бір кортта жаттығу өткізіп, жанкүйерлерді таңғалдырды. 

«Тіпті терлемеген»: қазақстандық теннисші Новак Джоковичпен бірге жаттықты
instagram/@zhukayev

Дубайдағы күтпеген «спарринг»

Жұқаев әлеуметтік желіге Джоковичпен бірге түскен суретін жариялап, маусым алдында дайындық жүріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, әлемдік рекордтарға жақын сербиялық жұлдызбен Дубайда бірлескен жаттығу жасауға мүмкіндік туған.

Спортшы жазбасында қысқаша былай деп атап өтті: Джоковичке жаттығу үшін алғыс айтып, 2026 жылғы маусымға дайындық басталғанын жеткізді.

Жанкүйер реакциясы: «Бейбіт тіпті терлемепті»

Жұқаевтың жарияланымына қазақстандық оқырман бірден үн қосып, пікір қалдырды. Комментарийлер арасында әзіл де, тілек те болды:

  • «Новактың жолын берсін саған»,
  • «Бейбіт тіпті терлемеген»,
  • «Үйрен»,
  • «Супер». 

Еске салайық, Джокович жуырда ATP деңгейіндегі 101-ші титулын жеңіп алып, тур тарихындағы ең егде чемпион атанды (38 жас 5 ай). 

Жалпы титул саны бойынша ол тек Джимми Коннорс (109) пен Роджер Федерерден (103) кейін тұр. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір