ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Елена Рыбакина Ига Швентекке есе қайтарды

Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина Шыңжаңда өтіп жатқан World Tennis Continental Cup көрме турниріндегі соңғы матчын өткізді. 

Елена Рыбакина Ига Швентекке есе қайтарды
x.com

Бұл жолы қазақстандық спортшы аралас жұптық санатта кортқа шықты. Оның серіктесі ресейлік теннисші Андрей Рублев болды. Қарсы жақта Монако өкілі Валантен Вашеро мен Польша жұлдызы Ига Швентек өнер көрсетті.

Кездесу қорытындысында Рыбакина мен Рублев екі сетте сенімді жеңіске жетті – 6:4, 6:4. Осылайша Елена турнир барысында Швентекке белгілі бір деңгейде реванш жасай алды.

Айта кетейік, дәл осы жарыс аясында Рыбакина жекелей сында да ойнады. Турнирдің алғашқы матчында ол Ига Швентекке 3:6, 3:6 есебімен жол берген еді. Ал бүгін Астана уақытымен таңертең швейцариялық Белинда Бенчичті жеңіп шықты – 6:3, 6:4.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.