Бублик Лондонда қарсыласын қапы қалдырды

Футбол шолушысы
Бүгін, 00:10

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик "Уимблдон-2026" турнирінің үшінші айналымына шықты.

championat.com

Үш сетке ұласқан жеңіс

Александр Бублик "Үлкен дулыға" санатындағы беделді турнирдің екінші кезеңінде әлемдік рейтингте 139-орында тұрған франциялық Кириан Жакемен кездесті.

Қазақстандық теннисші матчты жоғары қарқынмен бастап, алғашқы екі сетте басымдықты өз қолында ұстады. Үшінші партия тартысты өтіп, тай-брейкке дейін жетті. Дегенмен шешуші сәттерде Бублик сабыр сақтап, кездесуді өз пайдасына аяқтады.

Матч 1 сағат 50 минутқа созылып, Александр Бублик 6:3, 6:4, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. 

Келесі қарсылас кім?

Осы жеңістен кейін Александр Бублик "Уимблдон" турнирінің үшінші айналымына жолдама алды. Енді қазақстандық теннисші америкалық Фрэнсис Тиафо мен британиялық Ян Чоински арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.

Фрэнсис Тиафо ATP рейтингінде 19-орында тұрса, Ян Чоински әлемдік тізімде 100-сатыда орналасқан.

"Уимблдон-2026" турнирінің биылғы жалпы жүлде қоры рекордтық деңгейге жетіп, 64,2 миллион фунт стерлингке тең. 

Турнир жеңімпазы 3,6 миллион фунт стерлинг көлемінде сыйақы алады.

Реклама
Реклама