Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалында Швентекке есе жіберді

Қазақстандық теннисші Канаданың Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің финалында Польша өкілі Ига Швентекке есе жіберді.

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалында Швентекке есе жіберді
ҚТФ

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Рыбакина шешуші кездесуде Ига Швентекпен ойнады. 1 сағат 16 минутқа созылған матчта польшалық теннисші 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Елена Рыбакина алғаш рет мансабында Торонто WTA 1000 турнирінің финалына дейін жетті. Енді Қазақстанның бірінші ракеткасы келесі жарысын АҚШ-тағы Цинциннати WTA 1000 турнирінде өткізеді.

Швентекке қарсы ойнау қиын болды

Рыбакинаның айтуынша, Ига Швентек қарсыласының әр добын қайтаруға тырысатындықтан, финалда ойнау оңай болмаған.

“Жалпы алғанда, турнир мен үшін сәтті өтті деп ойлаймын. Әрине, бүгінгі матчта энергиямның жетпегені өкінішті. Бар күшімді салуға тырыстым, бірақ бұл жеткіліксіз болды. Ига - өте қиын қарсылас. Ол барлық допты қайтаруға тырысты”, — деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.

Турнирдің жүлде қоры

Турнирдегі жеңісі үшін Ига Швентек 1,1 млн доллар мен 1000 рейтингтік ұпай иеленді. Ал финалға дейін жеткен Елена Рыбакина 560 мың доллар көлемінде сыйақы алды. Қазақстандық теннисшінің мансабындағы жалпы жүлде қоры 29,7 млн долларға жуықтады.

Жарнама
Жарнама