ҚПЛ
Жарнама
Жарнама
Қазақстандық теннисші Армениядағы турнирде тағы да топ жарды
instagram/@dmitrypopko

Қазақстандық теннисші Армениядағы турнирде тағы да топ жарды

Дмитрий Попко Арменияның Цахкадзор қаласында өткен ITF турнирінде топ жарды.

Финалдағы сенімді жеңіс

ATP рейтингінде 651-орында тұрған Дмитрий Попко шешуші матчта әлемдік рейтингтің 1363-сатысындағы ресейлік Дмитрий Бессоновпен кездесті.

Қазақстандық теннисші қарсыласына мүмкіндік бермей, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Попко финалды екі сетте аяқтап, турнирдің бас жүлдесін иеленді.

Цахкадзордағы екінші титул

Бұл Дмитрий Попконың Арменияда қатарынан жеңіп алған екінші турнирі болды. Ол 13 қыркүйекте де Цахкадзордағы жарыстың чемпионы атанған еді.

Сол турнирдің финалында ATP рейтингінде 594-орында тұрған аргентиналық Игнасио Монсонды 6:3, 6:4 есебімен жеңген.

Попко осы маусымда Сербияның Куршумлия-Баня қаласында ұйымдастырылған турнирлерде екі рет финалға дейін жеткен. Бірақ екі жағдайда да шешуші кездесуде қарсыластарына есе жіберді.

Армениядағы қатарынан екі чемпиондық қазақстандық теннисшінің маусым соңындағы нәтижесін айтарлықтай жақсартты.

Жарнама
Жарнама