ҚПЛ 28-тур
Жарнама
Жарнама
Александр Бублик ATP рейтингінде төмен сырғыды
olympic.kz

Александр Бублик ATP рейтингінде төмен сырғыды

Отандасымыз бірден төрт орынға төмендеп кетті. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP жаңартылған рейтингінде әлемдік топ-20 қатарынан шығып қалды. Қазір қазақстандық теннисші 21-орында тұр.

Жаңартылған рейтингте Александр Бублик бірден төрт орынға төмендеді.

Айта кетейік, оның ATP рейтингіндегі жеке рекорды – 10-орын. Бұл көрсеткішке Бублик 2026 жылдың қаңтарында жеткен.

Әлемдік рейтингтің көшбасшылары

ATP рейтингінде бірінші орынды италиялық Янник Синнер сақтап қалды.

Екінші орында Германия өкілі Александр Зверев, ал үшінші сатыда испаниялық Карлос Алькарас тұр.

Айта кетейік, Қазақстанның тағы бір өкілі Александр Шевченко бірден 16 позиция жоғалтып, 109-орынға түсті.

Ал Тимофей Скатов 198-орыннан 199-сатыға сырғыды.

Жарнама
Жарнама