Рыбакина Билли Джин Кинг турнирін жеңіспен бастады
16.11.2024, 19:46
Алғашқы матч оңтүстіккореялық Со Хен Пакқа қарсы өтті.
Vesti.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Билли Джин Кинг турнирін сәтті бастады.
Алғашқы матчты қазақстандық теннисші оңтүстіккореялық Со Хен Пакқа қарсы өткізіп, екі сетте жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 6:2, 6:2.
Осылайша, бірінші ойын күнінен кейін Қазақстан Рыбакина мен Зарина Диястың жеңістері арқасында Оңтүстік Кореядан 2:0 есебімен алға шықты.
Ертең тағы екі матч өтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама