ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Рафаэль Надаль спорттық мансабын аяқтады

Спортшы теннистен шаршағанын айтты.

Рафаэль Надаль спорттық мансабын аяқтады
champion.com.ua

Даңқты теннисші, «Үлкен дулыға» турнирінің 22 дүркін чемпионы Рафаэль Надаль тенниспен қош айтысты. 

Дэвис кубогының ширек финалында Испания құрамасы сапында Нидерландқа қарсы ойнаған Надаль кездесуден кейін сұхбат беріп, бұдан былай теннис ойнай алмайтынын айтты. 

«Мен теннис ойнаудан шаршадым. Денем бұдан былай теннис ойнағысы келмейді», - деді Надаль кортта берген сұхбатында.

Айта кетейік, Испания - Нидерланд матчында Надальдің командасы жеңіліп, жарыстан шығып қалды. 
 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.