ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Қазақстандық теннисші кәрі құрлықтағы турнирде топ жарды

Бұл оның 32-ші жеңісі. 

Қазақстандық теннисші кәрі құрлықтағы турнирде топ жарды
Ulyssport.kz

Беларусь спортшысы Юлия Готовкомен бірге жұптық сында өнер көрсететін қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Португалияда өткен ITF W35 турнирінде жеңіске жетті.

Жібек пен Юлия финалдық ойында Полина Яценко (Ресей)/Ханне Вандевинкель (Бельгия) жұбымен кездесіп, қарсыластарынан басым түсті. Қорытынды есеп - 6:3, 1:6, 10:4. 

Осылайша, отандасымыз Халықаралық теннис федерациясы (ITF) аясында өткен жарыстардың жұптық сынында осымен 32-ші рет жеңіске жетіп отыр. Ал жеке сында 5 мәрте жеңімпаз атанды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.