Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық жастар Азия чемпионатында нокаутпен жеңіске жетіп, медаль иеленді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
17.05.2025, 03:11

Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар керемет өнер көрсетті. 

Instagram/@boxingkazakhstan

Диас Берікбай қарсыласын бірінші раундта тоқтатты

51 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Диас Берікбай Камбоджа өкілі Новелл Лонгпен рингке шықты. Қарсыласынан айтарлықтай басым болған Берікбай алғашқы раундтың өзінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Жасырбек Анарбаев – тағы бір сенімді жеңіс

57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жасырбек Анарбаев жергілікті боксшы Мигаллу Тенувана Бандаруға еш мүмкіндік қалдырмады. Ол екінші раундта техникалық нокаутпен жеңісті өз атына жазды.

Нұрислам Қалдыбаев – шешуші соққылар иесі

60 келі салмақта жұдырықтасқан Нұрислам Қалдыбаев та сенімді жеңіске жетті. Ол IBA командасының өкілі Мұхаммад Ахмадты екінші раундта техникалық нокаутпен тоқтатты.

Жастарымыздың жетістігі — кемінде "қола" 

Үш боксшымыз да жартылай финалға өтіп, кемінде қола жүлдені еншілеп отыр. Бұл – Қазақстан жастар құрамасының Азия чемпионатындағы табысты өнер көрсетуінің айқын дәлелі.