Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Нокаут пен үстемдік: Азия чемпионатының финалына кімдер шықты?

Редактор Penalty.kz
17.05.2025, 22:20

Шри-Ланканың Коломбо қаласындағы Азия чемпионатының жартылай финалында қазақстандық жас боксшылар өз шеберлігін паш етті. 

Instagram/@boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшылар финал жолдамасы үшін айқаста сенімді өнер көрсетіп, бірнеше кездесуде техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ерлер мен әйелдер арасындағы нәтижелер төменде берілген.

Ерлер арасындағы жойқын жекпе-жектер

  • 48 кг — Нұрхан Құмарбеков (Қазақстан) vs Гедара Великетие (Шри-Ланка) — 5:0

Қазақ боксшысы қарсыласын толық басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алды.

  • 51 кг — Досымжан Таңатар (Қазақстан) vs Ясур Талайбек уулу (Қырғызстан) — 5:0

Таңатар айқын басымдықпен жеңіп, чемпиондық белдесуге жақындады.

  • 54 кг — Алдияр Баһадүр (Қазақстан) vs Мохаммед Наим Аль-Саррай (IBA) — техникалық нокаут (2-раунд)

Баһадүр қарсыласын жекпе-жектің ортасында-ақ тоқтатуға мәжбүр етті.

  • 57 кг — Нығман Нығмет (Қазақстан) vs Витана Джаятхисса (Шри-Ланка) — 5:0

Нығметтің шеберлігі төрешілердің бір ауыздан шешім қабылдауына себеп болды.

  • 60 кг — Әділет Төртүбек (Қазақстан) vs Ерлан Ергешов (Қырғызстан) — 4:0

Қырғызстандық боксшыны сенімді ұпай айырмасымен жеңіп шықты.

Қарқыны қатты қазақ қыздары

  • 48 кг — Айым Таңқыбаева (Қазақстан) vs Нгуен Тхи Тует Май (Вьетнам) — 4:1

Күрделі қарсыласқа төтеп беріп, жарқын жеңіске қол жеткізді.

  • 50 кг — Сила Биболсынқызы (Қазақстан) vs Тран Тхи Хоа (Вьетнам) — 5:0

Қазақ қызы қарсыласын еш мүмкіндіксіз қалдырды.

  • 52 кг — Рахмина Әбдумәжітова (Қазақстан) vs Сабрина Рахим (Шри-Ланка) — техникалық нокаут (2-раунд)

Әбдумәжітова қарсыласын раунд ортасында тоқтатып, финалға сенімді өтті.

  • 81 кг — Құралай Егінбайқызы (Қазақстан) vs Тран Тханх Туен (Вьетнам) — техникалық нокаут (2-раунд)

Ауыр салмақтағы қазақ қызы да қарсыласын нокаутқа жіберіп, финалға шықты.