Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Астанадағы MMA турнирінде UFC-дің бұрынғы файтері өнер көрсетеді

Сарапшы, спорт журналисі
17.05.2025, 12:20

27 мамырда Астанада өтетін Alash Pride FC 108 турнирінде бразилиялық UFC экс-файтері Раулиан Пайва (23-6-1) мен қазақстандық Жәнібек Тыныштық (5-0) октагонда жолығады. 

fightnews.info
fightnews.info

Раулиан Пайваның UFC-дегі тәжірибесі

Раулиан Пайва 29 жастағы тәжірибелі жекпе-жекші. 2019 бен 2022 жылдар аралығында UFC-де жеті жекпе-жек өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жеткен. Ол қазақстандық Жалғас Жұмағұловты даулы шешіммен жеңіп, кейін Сергей Морозовтан ұтылды. Сонымен қатар Шон О’Мэллиден нокаутпен жеңіліс тапты.

Жәнібек Тыныштық — Қазақстанның жаңа жұлдызы

Ал оның қарсыласы 25 жастағы Жәнібек Тыныштық — Ақтөбе қаласының тумасы. Қазір ол ММА-дағы кәсіби мансабында 5-0 есебімен жеңіліссіз келе жатыр. Осы бес жекпе-жектің тек біреуі төрешілер шешімімен аяқталған. Қалғандарын мерзімінен бұрын аяқтаған.

instagram/@alash_pridefc

Alash Pride-тағы тәжірибелері

Екі спортшы да Alash Pride FC лигасында өнер көрсеткен.

Жәнібек Тыныштық бұл промоушнде былтыр екі мәрте жеңіске жетіп, қарсыластарын мерзімінен бұрын тоқтатты. Ал Раулиан Пайва осы лигада қазақстандық Руслан Сәриевке төрешілер шешімімен есе жіберді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір