Нокаут пен үстемдік: Азия чемпионатының финалына кімдер шықты?
Шри-Ланканың Коломбо қаласындағы Азия чемпионатының жартылай финалында қазақстандық жас боксшылар өз шеберлігін паш етті.
Қазақстандық боксшылар финал жолдамасы үшін айқаста сенімді өнер көрсетіп, бірнеше кездесуде техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ерлер мен әйелдер арасындағы нәтижелер төменде берілген.
Ерлер арасындағы жойқын жекпе-жектер
- 48 кг — Нұрхан Құмарбеков (Қазақстан) vs Гедара Великетие (Шри-Ланка) — 5:0
Қазақ боксшысы қарсыласын толық басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алды.
- 51 кг — Досымжан Таңатар (Қазақстан) vs Ясур Талайбек уулу (Қырғызстан) — 5:0
Таңатар айқын басымдықпен жеңіп, чемпиондық белдесуге жақындады.
- 54 кг — Алдияр Баһадүр (Қазақстан) vs Мохаммед Наим Аль-Саррай (IBA) — техникалық нокаут (2-раунд)
Баһадүр қарсыласын жекпе-жектің ортасында-ақ тоқтатуға мәжбүр етті.
- 57 кг — Нығман Нығмет (Қазақстан) vs Витана Джаятхисса (Шри-Ланка) — 5:0
Нығметтің шеберлігі төрешілердің бір ауыздан шешім қабылдауына себеп болды.
- 60 кг — Әділет Төртүбек (Қазақстан) vs Ерлан Ергешов (Қырғызстан) — 4:0
Қырғызстандық боксшыны сенімді ұпай айырмасымен жеңіп шықты.
Қарқыны қатты қазақ қыздары
- 48 кг — Айым Таңқыбаева (Қазақстан) vs Нгуен Тхи Тует Май (Вьетнам) — 4:1
Күрделі қарсыласқа төтеп беріп, жарқын жеңіске қол жеткізді.
- 50 кг — Сила Биболсынқызы (Қазақстан) vs Тран Тхи Хоа (Вьетнам) — 5:0
Қазақ қызы қарсыласын еш мүмкіндіксіз қалдырды.
- 52 кг — Рахмина Әбдумәжітова (Қазақстан) vs Сабрина Рахим (Шри-Ланка) — техникалық нокаут (2-раунд)
Әбдумәжітова қарсыласын раунд ортасында тоқтатып, финалға сенімді өтті.
- 81 кг — Құралай Егінбайқызы (Қазақстан) vs Тран Тханх Туен (Вьетнам) — техникалық нокаут (2-раунд)
Ауыр салмақтағы қазақ қызы да қарсыласын нокаутқа жіберіп, финалға шықты.