
Эквадорлық файтер Шавкат Рахмоновтың жеңісті сериясына жақындап қалды
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Vegas 106 турнирінде эквадорлық файтер Майкл Моралес кезекті жарқын жеңісіне жетті. Кештің басты жекпе-жегінде ол бірінші раундта Гилберт Бернсті нокауттап, жанкүйерлерін таңғалдырды.
Осы жеңістен кейін Моралес өзінің жеңісті сериясын 6 жекпе-жекке дейін жеткізіп, UFC полусредневес дивизионында үздік үштікке енді. Бұл көрсеткіш бойынша ол Хоакин Баклимен бір деңгейде тұр.
Джек Делла Маддалена — 8 жеңіс
Шавкат Рахмонов — 7 жеңіс
Майкл Моралес — 6 жеңіс
Майкл Моралес келесі жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Рахмоновтың рекордына теңеседі.
Жанкүйерлер Моралестің келесі қарсыласы кім болатынын тағатсыздана күтуде. Оның титулдық айқасқа бір қадам жақындағаны белгілі. Сарапшылар арасында Моралес пен Шавкат Рахмоновтың октагондағы кездесуін күтіп отырғандар да аз емес.