30 маусым мен 7 шілде аралығында бокстан Астанада өтетін әлем кубогы қарсаңында шетелдік командалар елордаға келіп жатыр. Соның бірі — Финляндия құрамасы. Оның бас бапкері — қазақ маман Асқар Сәрсенбаев.
Финляндия құрамасының тізгінін ұстаған Асқар Сәрсенбаев КСРО спорт шебері саналады. Ол Тампереде орналасқан TVC клубының жаттықтырушысы және Финляндия құрамаларының ұлттық үйлестірушісі. Өз елінен жырақта жүріп еуропалық боксты жаңа деңгейге көтеріп жүрген маман ретінде танымал.
“Финляндия құрамасы үшін бұл турнир — үлкен тәжірибе алаңы. Қазақстан боксы — әлемдік деңгейдегі эталон. Астанаға келіп, осындай жарысқа қатысу — біз үшін зор құрмет”, — дейді Сәрсенбаев.
Әлем кубогына тек финдер емес, көптеген алпауыт елдер де қатысады. Астанада қазірдің өзінде келесі командалар жаттығу жиындарын бастап кетті:
Франция сапында Токио Олимпиадасының жүлдегері, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының финалисі Биллал Беннама да бар.
17–29 маусым аралығында Астанада біріккен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Бұл жиын алдағы жарыстың қарқыны мен деңгейін көрсететін басты дайындық кезеңі болмақ.
Бұл турнир Халықаралық Олимпиада комитеті мойындаған World Boxing ұйымының аясында өтетін ауқымды дода. Қазақстан үшін бұл шара тек спорт емес, халықаралық аренадағы имидж және бокс дамуының символы.