Головкиннің жақ сүйегі голливудтық фильмге шабыт берді (ВИДЕО)
Геннадий Головкин аты аңызға айналған "Жақ" ("Jaws") фильмімен байланыстырылды.
GGG – Бокс тарихындағы "ең мықты жақтар" тізімінде
BoxingScene.com порталы 1975 жылы жарық көрген әйгілі “Жақ” фильмінің 50 жылдығына орай бокстағы "ең берік иек иелерінің" рейтингін ұсынды. Бұл тізімге Қазақстанның мақтанышы — Геннадий Головкин де кірді.
GGG-дің мансабы кезінде оның жақ сүйегі ерекше мықты екені жиі айтылып келген. Сарапшылар мен жанкүйерлер оның ауыр соққыларға төтеп бере алу қабілетін ерекше бағалайды.
"Головкин мансабында бірде-бір рет нокдаунға түспеген. Ол тіпті Дэниэл Гилмен жекпе-жекте бетіне соққы алғаннан кейін-ақ қарсыласын нокаутқа түсірген болатын", — деп жазады BoxingScene порталы.
Соңғы айқас — "Канеломен" трилогия
Головкиннің соңғы жекпе-жегі 2022 жылы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өткен болатын. Бұл қос алыптың үшінші кездесуі еді. Содан бері GGG шаршы алаңға шықпады, бірақ ресми түрде мансабын аяқтағанын да жарияламады.