Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Бокстан ұлттық құрама ашық жаттығу өткізді (ФОТО, ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
24.06.2025, 09:00

Астанада ұлттық ерлер құрамасының негізгі және қосалқы саптағы боксшылары оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл жиын — алдағы халықаралық жарыстарға дайындықтың шешуші кезеңі.

Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясы

Әлемнің әр түкпірінен 80-нен астам боксшы келді

Әлем кубогына әлі бір апта уақыт болса да, бірнеше елдің боксшылары Қазақстан астанасына келіп үлгерді. Қатысушылар қатарында:

  • АҚШ, Канада, Франция,
  • Сербия, Финляндия, Швеция,
  • Швейцария, Әзербайжан, Австралия,
  • Германия секілді елдер бар.

Алдағы күндері бұл тізімге тағы бірнеше мемлекет қосылады деп жоспарланған. 

Сәтжанов: "Құрама әлемдік деңгейде дайындалып жатыр" 

"Астанада шешуші дайындық кезеңін өткізіп жатырмыз. Жиынға шетелден 80-нен астам боксшы келді. Олардың арасында 2021 жылғы әлем чемпионы Робби Гонсалес (АҚШ) пен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Билаль Беннама (Франция) секілді жұлдызды спортшылар бар.

Әлем кубогына қатысатын құрам жаттығу соңында жарияланады", — деді Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов.

Қазақстан барлық салмақ санатында болады

Қазақстан құрамасы ерлер мен әйелдер арасындағы 20 салмақ дәрежесі бойынша ең мықты спортшыларын ұсынады. Олардың қатарында:

  • Олимпиада жүлдегерлері,
  • Әлем чемпиондары,
  • Халықаралық турнир жеңімпаздары бар.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір