Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Канело" залында жаттыққан қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін жариялады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
24.06.2025, 01:00

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (14 жеңіс, 12 нокаут) өзінің келесі жекпе-жегінің нақты күнін жариялады. 

instagram/@nurmaganbet.bek.kazbekuli
instagram/@nurmaganbet.bek.kazbekuli

Бек Нұрмағанбет 15-ші жекпе-жегіне дайындалып жатыр. 

"Ассалаумағалейкүм, баршаңызға! Келесі жекпе-жек күнім белгілі болды. Бұйырса, 12 шілде күні рингке шығамын. Бұл менің 15-ші жекпе-жегім болмақ. Алла сәтін салсын. Үлкен мақсаттар мен үлкен жекпе-жектер алда", — деп жазды Бек өзінің Instagram парақшасында.

Бұған дейінгі жекпе-жек кейінге қалдырылған

Айта кетейік, Нұрмағанбеттің жекпе-жегі 25 мамырда АҚШ-тың Калифорния штатында Сан-Диегодағы бокс кешінде өтуі тиіс еді. Оның қарсыласы Гондурас өкілі Карлос Фидель Гуйти Миранда (7 жеңіс, 2 жеңіліс, 3 нокаут) болуы керек еді. Бірақ қарсыласының денсаулығына байланысты кездесу өтпей қалды.

Бек — "Канело" командасының мүшесі

Бек Нұрмағанбет қазір әлемнің ең танымал боксшыларының бірі Сауль "Канело" Альварестің залында жаттығып жүр. Ол бірнеше рет "Канелоның" спарринг-серіктесі ретінде де өнер көрсеткен. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір