Қазақ балуаны финалда өзбектің үмітін жерге таптады
24.06.2025, 13:34
Вьетнамда 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында грек-рим күресінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Турнирде Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының тартысты кездесулері көрермен назарын аудартты.
instagram/@kazwrestling_official
45 кг: Жаңажол өзбек балуанын ойсырата жеңді
Жеңіл салмақта (45 кг дейін) ел намысын қорғаған Қуанышбек Жаңажол финалда Фарид Каромовты (Өзбекстан) 10:2 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, алтын медальді қоржынға салды.
Бірақ ауыр салмақта (92 кг дейін) өзбек спортшысы Фахрикамол Комилжонов Әділет Тойшыны 9:4 есебімен жеңіп, реванш алды. Бұл бәсекеде де тартыс мықты болғанымен жеңіс көршілерге бұйырды.
Тағы бір алтын медаль ел қоржынына 48 келі салмақ дәрежесінде келді. Нұрдәулет Құмарұлы финалда үндістандық Адития Джадхавты 8:0 есебімен жеңіп, шеберлігін дәлелдеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама