Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Астанадағы Әлем кубогы: Ұлттық құраманың мақсаты айтылды

Редактор Penalty.kz
24.06.2025, 18:10

Ұлттық құраманың көшбасшысы турнирге дайындығы мен басты миссиясы жайлы ашық айтты.

olympic.kz
olympic.kz

30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада бокстан Әлем кубогының кезеңі өтеді. Осыған орай Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі – Абылайхан Жүсіпов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында жарыс алдындағы дайындығы мен мақсаттары туралы пікір білдірді.

Команданың дайындығы

«Жалпы өзімді жақсы сезініп жүрмін. Біздегі жаттығу процесі жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қазір құрамамен бірге біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Бұл біз үшін үлкен артықшылық. Нәтижесі де жақсы болады деп сенемін. Қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деді Абылайхан Жүсіпов.

Сонымен қатар, спортшы елде өнер көрсетудің маңыздылығына да ерекше тоқталды. 

«Бұл жарыстың Қазақстанда өтуі – біз үшін ерекше маңызды. Үйде өнер көрсету жауапкершілікті арттырады. Бірақ сонымен бірге үлкен қуаныш пен шабыт сыйлайды. Бұл – өзімізді, күшімізді, дайындық деңгейімізді жанкүйер алдында көрсетуге таптырмас мүмкіндік», – деді былғары қолғап шебері.

Абылайханның айтуынша, бокс рингінде қарсыластың бәрі бірдейі. Ол әлем чемпионы ма, Олимпиада жүлдегері ме – маңызды емес. Басты мақсат – алда болатын әлем чемпионаты мен Олимпиада деп жалғасады сөзін отандасымыз.

«Біз тек жеңіс үшін емес, көрерменге ұнайтын әдемі, тартымды бокс көрсетуге тырысамыз», – деп қорытындылады спортшы.

Еске салайық, Абылайхан Жүсіпов – Қазақстан құрамасының тәжірибелі былғары қолғап шебері. Ол бірнеше мәрте Азия чемпионы атанып, халықаралық додаларда үздік нәтиже көрсетіп жүр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір