Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогын сенімді жеңіспен бастады. Ол 1/8 финалда америкалық Дженнифер Лосаноны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Бокстан Қазақстан құрамасының көшбасшысы, әлем чемпионы Алуа Балқыбекова Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогындағы алғашқы жекпе-жегінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Алуа Балқыбекова 1/8 финал кезеңінде АҚШ боксшысы Дженнифер Лосаномен қолғап түйістірді. Қазақстандық спортшы бұл кездесуде төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Осылайша, Балқыбекова турнирдің медальдық кезеңіне жақындай түсті, ал Дженнифер Лосано жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.
Алуа Балқыбекова — бокстан әлем чемпионы. Ол: