"Қола" – қалтада, "алтын" – қол созым жерде! Назым Қызайбайды тоқтату мүмкін емес (ВИДЕО)
Астанадағы әлем кубогында әйелдер арасындағы 48 кг салмақ дәрежесінің ширек финалында капитан Назым Қызайбай өзбекстандық Фарзона Фозилованы толық үстемдікпен жеңді.
Финалға бір қадам
Жекпе-жөкте бес төрешінің бәрі қазақстандық боксшыға 10:9 ұпайын берді. Қорытынды есеп 5:0. Осы жеңістің арқасында Қызайбай World Boxing кубогінің жартылай финалына шықты және кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті. Енді ол ақтық сын жолдамасын сарапқа салады.
Спортшының басты жетістіктері
- Олимпиада-2024: қола медаль
- Әлем чемпионы: 2014, 2016, 2025 (үш дүркін)
- Азия чемпионы: 2021 жыл
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.