Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Кәсіпқой боксқа өткен отандасымыз түрік чемпионымен күш сынасады

Сарапшы, спорт журналисі
02.07.2025, 12:46

Қазақстандық боксшы, Азия чемпионы Милана Сафронова 2 шілде күні Ыстанбұлда кәсіби рингке алғаш рет шығады. Ол бұл жекпе-жекті өзінің өміріндегі ең ірі турнир деп атап, мұндай сында туған елінде өнер көрсетуді армандайтынын айтты.

Кәсіпқой боксқа өткен отандасымыз түрік чемпионымен күш сынасады
Prosports.kz

Қазақстандық боксшы, Азия чемпионы Милана Сафронова кәсіби бокстағы маңызды жекпе-жегіне дайындалып жатыр. 2 шілдеде ол Түркияда өтетін кеште рингке шығады.

“Үйде жұдырықтасқым келеді...”

Vesti.kz порталына берген сұхбатында Милана бұл жекпе-жектің өз өміріндегі ең ауқымды оқиға екенін айтып, ашық пікір білдірді:

“Бұл жолы ерекше бір атмосфера бар. Мұндай ауқымды турнирде алғаш рет ел намысын қорғап, халық алдында өнер көрсетемін. Қарсыласымды білмеймін, жекпе-жектерін де көрмедім. Әзірге ол маған жай ғана қарапайым, жақсы қыз сияқты көрінеді – мен секілді (күледі). Дегенмен, дәл осындай турнирде өз елімде өнер көрсету – арманым. Қазақстан – менің отаным. Туған жерде, өз жанкүйерлерімнің көз алдында жұдырықтасу – нағыз бақыт болар еді”, – деді ол.

Милананың жолы

2025 жылдың ақпанында Сафронова кәсіпқой боксқа ауысатынын ресми мәлімдеген болатын. Бұған дейін ол:

  • Азия чемпионы атанды;
  • Әлем чемпионатының қола жүлдегері болды;
  • 2024 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіліп, қола медаль иеленді (төрттікке қарсыласы жекпе-жектен бас тартқан).

Айта кетейік, 2024 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирі кезінде оның Наталья Богдановамен болған кездесуі даулы жағдайда аяқталып, дисквалификациямен аяқталған еді.

Қарсылас – Гүлсүм Татар

2 шілде күні өтетін жекпе-жекте Милананың қарсыласы – түрік боксшысы Гүлсүм Татар болмақ. Ол:

  • екі дүркін әлем чемпионы;
  • үш дүркін Еуропа чемпионы.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір