Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Өміріңді өзгерт, әйтпесе..." — Хабиб Нурмагомедов Конор МакГрегорды ескертті

Редактор Penalty.kz
03.08.2025, 17:56

Аты аңызға айналған ресейлік ММА файтері, жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Конор МакГрегордың атышулы әрекеттеріне қатысты пікір білдірді. 

sputnik.kz
Реклама
Реклама

"Ол — жазасын алып жатыр, бірақ өзгеруге әлі де мүмкіндігі бар" 

"Мен оның атын атағым келмейді — бұл да бір жаза. Ол әлі де сол әрекеттерін жалғастыруда. Қарттармен, әйелдермен, ішімдікпен, есірткімен байланысты жағдайлар — бұл жазаның көрінісі. Ол әлдеқашан басталып кеткен. Бірақ бұл жерде ең кереметі не екенін білесіздер ме? Алла әрбір пендеге қайта оралуға мүмкіндік береді. Бұл өмірде үміт әрдайым бар. Меніңше, ол да өзгеруге лайық, тек өмір салтын түбегейлі өзгертуі керек", — деді Хабиб Нью-Йоркте өткен іс-шара барысында.

"Өзгерсе — өзгелерді де өзгертеді, өзгермесе — бұл өмірде де, ақыретте де жазаланады" 

"Неліктен мен бұл туралы айтып отырмын? Себебі, егер ол шын өзгерсе, өзінен басқа көптеген адамдардың өміріне оң әсер ете алады. Сондықтан мен оның дұрыс жолға түскенін қалаймын. Егер ол өзгермесе — бұл өмірде де, келесі өмірде де жазасын тартады", — деді Нурмагомедов ашық түрде.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары