Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Нокаут, жеңіс және ауыр жеңілістер. Азия чемпионатының үшінші күні қалай аяқталды?

Редактор Penalty.kz
03.08.2025, 19:47

Таиланд астанасы Бангкокта бокстан жастар арасында Азия чемпионатының үшінші күні аяқталды. Қазақстан құрамасы үшін бұл күн аралас нәтижелермен есте қалды. Алғашқы медаль бұйырғанымен бірнеше спортшы жарыс жолынан шығып қалды.

Спортты дамыту дирекциясы
Реклама
Реклама

Гүлназ Бөрібаева — алғашқы медаль сыйлаған боксшы

48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Гүлназ Бөрібаева Қазақстан қоржынына алғашқы қола жүлдені салды. Ол жапониялық Нон Госогаваны нокаутпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл жеңіс оның Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдесімен қатар Қазақстан құрамасының медаль есебін ашқан маңызды жетістік болды.

Сымбат Әлиасқар жүлдеден қағылды

54 келі салмақта сынға түскен Сымбат Әлиасқар тайваньдық Чинь Линь Чуден қазылар алқасының бірауызды шешімімен жеңіліп қалды. Осылайша ол жүлдеден тыс қалды.

Ерлер арасындағы нәтиже: бір жеңіс, екі жеңіліс

Ерлер арасында үш қазақстандық былғары қолғап шебері рингке шықты:

  • Әділет Тортүбек (60 кг) — үндістандық Шубхамды бір ауыздан жеңіп, келесі кезеңге өтті.
  • Әділбек Қожахан (55 кг) — тайваньдық Чиа Фен Пенмен шайқаста екіге бір шешіммен жеңіліп қалды.
  • Мұхит Нұрқабылұлы (65 кг) — үндістандық Маусам Сухагпен тартысты кездесуде де бөлінген шешіммен ұтылып қалды. 
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары