Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Айым Таңқыбаева нокдаунмен Азия чемпионатының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 11:00

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан U19 жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының намысын қорғаған Айым Таңқыбаева жарқын жеңіске жетті. 

instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы кем дегенде қола жүлде иегері 

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Таңқыбаеваның ширек финалдағы қарсыласы моңғолиялық Сувд-Эрдене Баянмунх болды. Кездесу барысында Айым екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, жекпе-жекті беделді төрешілердің бірауызды шешімімен өз пайдасына аяқтады.

Осылайша, Айым Таңқыбаева жартылай финалға жолдама алып, кемінде қола медальға ие болатыны белгілі болды. Ал моңғолиялық спортшы жарыс жолын осы кезеңде аяқтады.

Таңқыбаеваның биылғы жетістіктері

Айта кетейік, Айым Таңқыбаева биылғы жылдың мамыр айында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен IBA ұйымдастырған жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Ол кезде қазақстандық боксшы 48 келіде бақ сынаған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары