Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-қа аттанды
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы АҚШ-қа жол тартты. Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.
Қарашада шаршы алаңға шығуы мүмкін
“Америкаға аттандым. Қараша айына жоспарланған жекпе-жекке тыңғылықты дайындаламын. Карлос Адамес келісім берсе — қарсы шығуға дайынмын. Егер ол бас тартса, белбеулерімді өзге боксшыларға қарсы қорғаймын”, — деп жазды Жәнібек.
Адамеспен айқас әлі күн тәртібінде
Қазір жанкүйерлер қазақстандық чемпион мен доминикандық Карлос Адамес арасындағы жекпе-жекті асыға күтіп жүр. Бұл кездесуге байланысты WBC президенті Маурисио Сулейман Адаместің титулын қорғау мерзімін кейінге шегеріп, Жәнібек — Адамес айқасын ұйымдастыруға ниетті екенін мәлімдеген еді.
Эр-Риядтағы жекпе-жек болмады
Белгілі промоутер Турки Әл аш-Шейх бұл кездесу Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді деп жоспарлаған. Алайда Адамес тарапы келісім бермегендіктен жекпе-жек ресми түрде бекітілмей қалды.
Чемпиондар мәртебесі
- Карлос Адамес — WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы
- Жәнібек Әлімханұлы — WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы