Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Азия чемпионатына дайындық: Қазақстандық каратэшілер ірі сынға сақадай сай

Сарапшы, спорт журналисі
05.08.2025, 14:47

Каратэден Қазақстан құрамасы жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатына қарқынды дайындық жүргізіп жатыр. Дүбірлі дода 5 қыркүйекте Қытайдың Шаогуань қаласында басталады.

Азия чемпионатына дайындық: Қазақстандық каратэшілер ірі сынға сақадай сай
instagram/@kazakhstankarateteam

Құрамаға іріктеу әділ әрі ашық өтті 

Байрақты бәсекеде ел намысын 36 спортшы қорғайды. Олар үш жас санаты бойынша барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ұлттық құраманы жасақтау үшін елде үш ірі рейтингілік турнир ұйымдастырылды. Солардың нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткендер негізгі құрамға енді.

Қазір каратэшілер өз өңірлеріндегі жеке бапкерлерімен жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал 17 тамыз күні Алматыда бас қосып, бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл Азия чемпионаты алдындағы соңғы дайындық болмақ.

Жыл сайынғы тұрақты жетістік

Федерация өкілдерінің айтуынша, Қазақстан каратэшілері жыл сайын Азия чемпионатында үздік үштікке еніп келеді. Биыл да сол биікті бағындыру – басты мақсат.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір