Реклама
Реклама

Қазақстанның алтыншы финалисі белгілі болды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
06.08.2025, 16:16

Қазақстандық боксшы Гүлназ Бөрібаева Таиландта жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды.

instagram/@boxingkazakhstan

Жеңімпазды үш раунд анықтады

48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Гүлназ жартылай финалда Моңғолия боксшысы Биндерия Содон-Одпен қолғап түйістірді. Кездесу үш раундқа созылып, барлық төреші жеңісті Бөрібаеваға берді.

Қазақстанда – алты финалист

Гүлназдың жеңісінен бірнеше сағат бұрын Қазақстанның бес ер боксшысы финалға шыққан. Олар – Нұрислам Қалдыбаев, Илья Калинин, Нұрбек Мұрсал, Санжарәлі Бегалиев және Темірлан Мұқатаев.

Реклама
Реклама