Азия чемпионатының финалында бес бірдей Қазақстан – Өзбекстан "эль-классикосы" өтеді
Таиландта бокстан өтіп жатқан жастар арасындағы (U22) Азия чемпионатында нағыз шиеленіске толы финалдар болады. Қазақстан мен Өзбекстанның мықтылары бес бірдей салмақта алтын үшін жұдырықтасады.
Бес салмақтағы басты айқастар:
- 60 келі Нұрислам Қалдыбаев (Қазақстан) — Шохрух Абдумаликов (Өзбекстан)
- 65 келі Илья Калинин (Қазақстан) — Саят Ильясов (Өзбекстан)
- 70 келі Нұрбек Мұрсал (Қазақстан) — Мұхаммад Азизбек Исмоилов (Өзбекстан)
- 80 келі Санжарәлі Бегалиев (Қазақстан) — Рахматулло Бойматов (Өзбекстан)
- 90 келі Темірлан Мұқатаев (Қазақстан) — Шахзод Палвонов (Өзбекстан)
Финалдар қашан өтеді?
Жеңімпаздар анықталатын U22 санатындағы финалдық жекпе-жектер 11 тамыз күні өтеді. Бұл күн — Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы нағыз бокс дербиіне айналмақ.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.