Қазақстанның алтыншы финалисі белгілі болды (ВИДЕО)
Қазақстандық боксшы Гүлназ Бөрібаева Таиландта жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды.
Жеңімпазды үш раунд анықтады
48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Гүлназ жартылай финалда Моңғолия боксшысы Биндерия Содон-Одпен қолғап түйістірді. Кездесу үш раундқа созылып, барлық төреші жеңісті Бөрібаеваға берді.
Қазақстанда – алты финалист
Гүлназдың жеңісінен бірнеше сағат бұрын Қазақстанның бес ер боксшысы финалға шыққан. Олар – Нұрислам Қалдыбаев, Илья Калинин, Нұрбек Мұрсал, Санжарәлі Бегалиев және Темірлан Мұқатаев.
Бұл туралы не ойлайсыз?