ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Темірлан Мұқатаев нокаутпен Азия чемпионатының финалына өтті (ВИДЕО)

Бангкокта жастар арасындағы Азия чемпионатында (U22) Қазақстан тағы бір финалисін анықтады. Бұл жолы 90 келі салмақта ел намысын қорғаған Темірлан Мұқатаев көзге түсті.

Темірлан Мұқатаев нокаутпен Азия чемпионатының финалына өтті (ВИДЕО)
vesti.kz

Екі нокдаун — бір финал

Жартылай финалда Темірлан Оңтүстік Корея боксшысы Йечан Мунмен қолғап түйістірді. Жекпе-жек екінші раундта-ақ аяқталды: Мұқатаев қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Кореялық боксшы құрлық бірнішілігінің қола жүлдегері атанды.

Финал 10–11 тамыз күндері өтеді

U22 және U19 санатындағы Азия чемпионатының финалдық кездесулері 10–11 тамыз аралығында өтеді. Темірлан Мұқатаев енді алтын үшін кіммен айқасатыны жақын күндері анықталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.