Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Санжарәлі Бегалиев Азия чемпионатының финалына сенімді жеңіспен шықты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Таиланд астанасы Бангкокта World Boxing ұйымы ұйымдастырған тұңғыш жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының кезекті финалисі анықталды.

Санжарәлі Бегалиев Азия чемпионатының финалына сенімді жеңіспен шықты (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

80 келідегі тартысты текетірес

U22 санатындағы жарыстың жартылай финалында Санжарәлі Бегалиев Үндістан өкілі Анкушпен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшының айқын басымдығы байқалып отырды.

Кездесу соңында барлық төреші бірауыздан жеңісті Бегалиевке берді. Ал үндістандық спортшы қола медальмен шектелді.

Санжарәлі — әлем чемпионы, енді Азияны бағындыруға жақын

Айта кетейік, Санжарәлі Бегалиев 2024 жылы Черногорияның Будва қаласында өткен IBA ұйымдастырған жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Ол — Қазақстанның ең үмітті жас боксшыларының бірі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір