Нокдаун! Нұрбек Мұрсал Азия чемпионатын дүр сілкіндірді ВИДЕО)
Бангкокта өтіп жатқан U22 санатындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үшін тағы бір қуанышты жаңалық тіркелді.
instagram/@boxingkazakhstan
70 келідегі сенімді жеңіс
U22 санатындағы турнирдің жартылай финалында Нұрбек Мұрсал Малайзия өкілі Мұхаммад Ариф Айманмен қолғап түйістірді. Айқас аса тартысты өткенмен, Нұрбек үшінші раундта қарсыласын “тұрып қалған нокдаунға” жіберіп, айқын басымдық көрсетті.
Жекпе-жек соңында барлық төреші бірауыздан жеңісті Мұрсалға берді. Осылайша ол финалға жолдама алды. Малайзиялық боксшы қола медальмен шектелді.
Тарихи турнир — тарихи нәтиже
Бұл дода — World Boxing ұйымы ұйымдастырған алғашқы жастар чемпионаты, әрі Азия боксының жаңа деңгейге көтерілгенін дәлелдейтін маңызды сәт. Нұрбек Мұрсалдың финалға шығуы — қазақстандық бокстың әлеуетін тағы бір мәрте айқындады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet