Реклама
Реклама

Қазақстанда Азия чемпионатында жеті финалист бар (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
06.08.2025, 18:57

Таиланд астанасы Бангкокта жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі финалға жолдама алды. Бұл жолы қазақ қызы Бақыт Сейдіш елге жетінші финалдық орын алып берді.

Спортты дамыту дирекциясы

Бақыт — 70 келіде финалға шыққан алғашқы қазақ қызы

U22 санатындағы жарыстың жартылай финалында Бақыт Сейдіш үндістандық Парнджал Ядавпен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған тартысты кездесуде қазылар алқасы жеңісті Бақыттың пайдасына берді — бұл шешім бөлінген төрешілер шешімімен шықты.

Қазақстан финалистерінің қатары артып келеді

Бұған дейін 6 боксшымыз финалға жолдама алған болатын:
Нұрислам Қалдыбаев, Илья Калинин, Нұрбек Мұрсал, Санжарәлі Бегалиев, Темірлан Мұқатаев және Гүлназ Бөрібаева.

Реклама
Реклама