Қазақстан – Өзбекстан жекпе-жегі төрешілер шешімімен аяқталды (ВИДЕО)
06.08.2025, 19:40
Таиландтағы жастар арасындағы Азия чемпионатында (U22) Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі финалға шықты. Бұл жолы аса ауыр салмақта Әсел Тоқтасын шешуші кезеңге жолдама алды.
instagram/@qaz_team_official
Әсел Тоқтасын - Азия чемпионатының финалисі
Әсел Тоқтасын 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өзбекстандық Диёрахон Абдуманнобовамен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған жекпе-жек қатаң тартыспен өтті. Соңында төрешілер бөлінген шешіммен жеңісті Асылға берді.
Финалда Үндістан өкілі күтіп тұр
Әсел алтын медаль үшін үндістандық боксшы Ритикамен күш сынасады. Бұл кездесудің де тартысты өтетіні анық.
U22 санатындағы шешуші жекпе-жектер 11 тамызда өтеді. Сол күні Әсел Тоқтасын Азия чемпионы атағы үшін рингке шығады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама