Қазақстан боксшысы Азия чемпионатының финалына ірі жеңіспен шықты (ВИДЕО)
08.08.2025, 11:11
Бангкокта жастар арасындағы Азия чемпионатында (U19) 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Аяжан Ермек вьетнамдық Тхи Тхом Вуға қарсы сенімді жеңіске жетті.
sportburo.kz
Жартылай финалдағы сенімді жеңіс
Үш раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшы басымдылығын толық көрсетті. Қазылар бірауыздан жеңісті Аяжанға берді. Осылайша ол финалға шықса, қарсыласы қола жүлдені қанағат тұтты.
Финал қашан өтеді
U19 жас санатындағы финалдық жекпе-жектер 10 тамыз күні өтеді. Қазақстан жанкүйерлері енді Аяжанның алтын жүлде үшін айқасын тағатсыздана күтеді.
Турнирдің тарихи маңызы
Бұл біріншілік – World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өткен алғашқы жастар арасындағы Азия чемпионаты. Сол себепті де бұл жарыстың маңызы ерекше.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама