Реклама
Реклама

Мөлдір Жаңбырбай Чэндуде қарсыластарын талқандады

Сарапшы, спорт журналисі
08.08.2025, 11:46

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында каратэден бәсеке басталды. Алғашқы жарыс күнінде 50 келіге дейінгі ең жеңіл салмақта әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай жартылай финалға шықты.

Спортты дамыту дирекциясы

Мөлдір Жаңбырбай — жартылай финалда

Отандасымыз топтық кезеңде екі қарсыласын айқын басымдықпен ұтты:

  • Силия Уикен — жастар арасындағы (U21) әлем чемпионы, есеп: 4:0
  • Йоргелис Салазар — 2022 жылғы Дүниежүзілік ойындардың күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола иегері, есеп: 3:0
  • Тек қытайлық Жунхуй Вангқа қарсы айқаста 0:1 есебімен есе жіберді.

Енді Мөлдір Жаңбырбай бүгін, Астана уақытымен 13:55-те финалға шығу үшін Хорватия өкілі, екі дүркін Еуропа чемпионы Ема Сгарделлимен татамиге шығады.

Реклама
Реклама