Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан — Өзбекстан жекпе-жегі айқын жеңіспен аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
08.08.2025, 14:00

Тайланд астанасы Бангкокта World Boxing ұйымы ұйымдастырған жастар арасындағы алғашқы Азия чемпионатында (U19) жартылай финалдық жекпе-жектер жалғасуда. 

Қазақстан — Өзбекстан жекпе-жегі айқын жеңіспен аяқталды (ВИДЕО)
Instagram/@boxingkazakhstan

Құралай Егінбайқызы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстан намысын 80 келіге дейінгі салмақта қорғаған Құралай Егінбайқызы финалға жолдама үшін өзбекстандық Рухшона Парпиеваға қарсы шықты. Үш раунд бойы айқын басымдық көрсеткен Құралай жекпе-жекті төрешілердің бірауызды шешімімен (5:0) жеңді.

Финал қашан өтеді?

U19 Азия чемпионатының финалдық айқастары 10 тамызда өтеді. Қазақ жанкүйерлері Құралайдың алтын үшін тартысын осы күні тамашалай алады.

Биылғы екінші ірі жеңіс

Айта кетейік, Құралай Егінбайқызы биыл мамыр айында Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен IBA және ASBC ұйымдастырған жастар арасындағы Азия біріншілігінде де жеңімпаз атанған. Ол жарыста Қазақстан құрамасы жалпы есепте 41 алтын медаль иеленіп, тарихи нәтиже бағындырды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 2
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір