Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Құралай Егінбайқызы Қазақстанға алғашқы алтын медаль әкелді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
10.08.2025, 11:15

Таиланд астанасында өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған жастар арасындағы Азия чемпионатында (U-19) қазақстандық боксшы Құралай Егінбайқызы ел қоржынына алғашқы алтын медаль салды.

instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

Финалда үнді боксшысын тізе бүктірді

Құралай Егінбайқызы 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда үндістандық Критика Васанмен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық былғары қолғап шебері төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Осылайша Құралай Азия чемпионатының алтын жүлдесін иеленіп, Қазақстан тарихындағы бұл турнирдің алғашқы чемпионы атанды.

Қазақстан құрамасының нәтижелері

Критика Васан күміс жүлдемен шектелсе, Құралай Егінбайқызының жеңісі елдің медаль қорын байытты. Жалпы U-19 құрамасынан жеті боксшы “алтын” үшін айқасып жатыр.

Бұл чемпионат — U-19 және U-22 жас санаттары бойынша өткен, World Boxing ұйымы ұйымдастырған тұңғыш құрлықтық жастар жарысы. Бангкоктағы бәсеке Азия бокс тарихында жаңа дәуірдің бастауы болып отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары