Әділет Төртүбек – Азия чемпионатының күміс жүлдегері (ФОТО)
Таиланд астанасында өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған жастар арасындағы Азия чемпионатында (U-19) қазақстандық боксшы Әділет Төртүбек алтын жүлдеге бір қадам жетпей қалды.
Финалда ирандық боксшыға жол берді
Әділет Төртүбек 60 келі салмақ дәрежесінің шешуші бәсекесінде ирандық Али Чехреганимен қолғап түйістірді. Жекпе-жекте төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс қарсыласына берілді.
Күміс жүлдемен аяқталған дода
Осылайша Али Чехрегани Азия чемпионатының алтын медалін иеленсе, Төртүбек Бангкоктағы жарысты күміс жүлдемен қорытындылады.
Бұл туралы не ойлайсыз?