Қазақстан мен Өзбекстан АЧ "алтыны" үшін жұдырықтасты (ФОТО)
Бангоктағы World Boxing ұйымдастырған жастар арасындағы Азия чемпионатында (U-19) Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасындағы алғашқы алтын жекпе-жек өтті.
Алтын үшін өткен тартысты финал
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Бейбарыс Әшірбай мен өзбекстандық Абдулазиз Джуракулов финалда қолғап түйістірді. Тартысты өткен айқаста төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс Джуракуловқа берілді.
Қазақстан қоржынына күміс түсті
Осылайша Абдулазиз Джурақұлов Азия чемпионатының алтын медалін иеленсе, Бейбарыс Әшірбай Бангкоктағы турнирді күміс жүлдемен аяқтады.
Бұл туралы не ойлайсыз?