ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Ризабек Айтмұхан беделді турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Ақтөбедегі беделді халықаралық Wrestling Stars League 4 турнирінде топ жарды.

Ризабек Айтмұхан беделді турнирдің жеңімпазы атанды
sportburo.kz

97 келідегі үш сенімді жеңіс

97 келі салмақ дәрежесінде күрескен Ризабек Айтмұхан финалға дейін үш бірдей ресейлік балуанды тізе бүктірді. Ол алдымен Константин Пшеничниковты, кейін Рамазан Шабановты, ал шешуші белдесуде Омар Зияутдиновты жеңді. 

Тарихтағы тұңғыш әлем чемпионы

Айтмұхан — Қазақстан тарихындағы еркін күрестен алғашқы әлем чемпионы. 2023 жылы ол бірден үш жас санатында (жасөспірімдер, жастар және ересектер) әлем чемпионы атанып, отандық спорт тарихында теңдессіз жетістікке жетті.

2024 жылғы табыс

Былтыр Ризабек 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль тағып, өзінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?