Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан алғашқы "алтыннан" қағылды (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі

Таиланд астанасында өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған жастар арасындағы Азия чемпионатында (U-19) қазақстандық боксшы Аяжан Ермек күміс медаль иеленді.

Қазақстан алғашқы "алтыннан" қағылды (ФОТО)
instagram/@boxingkazakhstan

Финалдағы шешуші жекпе-жек

57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аяжан Ермек финалда үндістандық Мусканмен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен үнді боксшысының пайдасына аяқталды. Осылайша Мускан Азия чемпионатының “алтын” жүлдесін иеленді.

Қазақстан құрамасының нәтижесі

Аяжан Ермек чемпионаттағы жарысын күміс жүлдемен аяқтады. Бұл — Қазақстан үшін турнирдің алғашқы финалдық бәсекесі еді. Жалпы U-19 құрамасынан жеті боксшы “алтын” үшін айқасқа шықты.

Чемпионаттың маңызы

Биылғы Азия біріншілігі ерекше тарихи мәнге ие. Себебі, U-19 және U-22 жас санаттары бойынша өтетін бұл жарыс — World Boxing ұйымының тұңғыш құрлықтық жастар турнирі. Бангкоктағы бәсеке Азия боксындағы жаңа кезеңнің бастамасы болып саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір