Бангкокта World Boxing ұйымдастырған жастар арасындағы Азия чемпионатында (U-19) Қазақстан құрамасы финалдық кезеңде күткендей нәтиже көрсете алмады.
Финалда өнер көрсеткен жеті қазақстандық боксшының тек екеуі жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Бұл жүлделерді ел қоржынына Құралай Егінбайқызы (80 кг) және Расул Асанханов (90 кг) салды.
Ал қалған бес финалда қазақстандықтар қарсыластарына жол берді:
Үш жеңіліс өзбекстандық боксшылардан, қалған екеуі Үндістан мен Иран спортшыларынан келді. Бұл нәтиже Қазақстан үшін айтарлықтай көңіл көншітпеді.
Айта кетейік, бұл Азия чемпионаты — U-19 және U-22 жас санаттары бойынша өткен, World Boxing ұйымы ұйымдастырған алғашқы құрлықтық жастар бәсекесі. Турнир Азия боксының жаңа дәуірінің бастауы саналады.