Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық балуандардың әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:42

17 тамыз күні Болгарияның Самоков қаласында еркін күрестен 20 жасқа дейінгі әлем чемпионаты басталады. 

фото: ашық дереккөздерден алынған
Реклама
Реклама

Алғашқы күні 70, 74, 97 және 125 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар боз кілемге шығады. 18 тамызда — 57, 65, 79 және 92 келі, ал 19 тамызда — 61 және 86 келіде үздіктер анықталады. 

Қазақстан құрамасының қарсыластары

Жеребе нәтижесі бойынша қазақстандықтар келесі балуандармен кездеседі:

  • 57 кг: Нұрданат Айтанов — Мыкола Братов (Украина)/Энтони Ноу (АҚШ)
  • 61 кг: Алан Оралбек — Саба Гамбашидзе (Грузия)
  • 65 кг: Ералы Жеңісов — Самиль Дадаев (Сербия)/Ион Берхи (Молдова)
  • 70 кг: Сұңкар Сейдахмет — Даниэле Губиоти (Италия)
  • 74 кг: Досжан Құлғайып — Николай Тарасов (Эстония)
  • 79 кг: Ержан Әбіл — Даниэль Симонян (Израиль)
  • 86 кг: Қасым-Жомарт Алин — Григор Чернаков (Болгария)/Ясер Рахмани (Иран)
  • 92 кг: Камиль Куруглиев — Конор Мирасола (АҚШ)/Зису Ян (Қытай)
  • 97 кг: Самир Дурсунов — Абдельрахман Шейтан (Мысыр)/Тейвир Хинса (Канада)
  • 125 кг: Едіге Қасымбек — Нарантулга Дармабазар (Моңғолия)

Едіге Қасымбек (18 жаста, Түркістан облысы) — бірнеше дүркін Азия чемпионы, кадеттер арасындағы әлем біріншілігінің финалисі. 2025 жылы 20 жасқа дейінгі Азия чемпионатында 125 келі салмақта алтын медаль иеленді. Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Камиль Куруглиев (2005 ж., Алматы, Маңғыстау облысының атынан) — әлем чемпионы атағына қол жеткізген дарын. Ол кадеттер арасында 2022 жылы Азия және Әлем чемпионатын ұтқан, сондай-ақ жастар арасында бірнеше мәрте Азияның жүлдегері атанды. 2024 жылы әскери қызметшілер арасында әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді. Айта кетерлігі, Камиль — атақты балуан Магомед Қуруглиевтің ұлы.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары