Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Джонни Уокер Шанхайда сенсация жасады: Миньян алғаш рет UFC-де жеңілді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
23.08.2025, 17:58

Шанхайда өткен UFC Fight Night 257 турнирінің басты оқиғасында жартылай ауыр салмақтағы (93 кг дейін) бразилиялық Джонни Уокер (22-9) мен Қытайдың нокаут-машинасы атанған Чжан Миньян (19-7) октагонға шықты. Айта кетейік, Миньян осыған дейінгі барлық жеңісін бірінші раундта нокаутпен аяқтаған. 

mmafighting.com
Реклама
Реклама

Жекпе-жек барысы

Бірінші раундта Уокер қарсыласын партерге түсіруге ұмтылып, өзі қателік жасап үстінде қалды. Миньян шынтақпен бірнеше соққы дарытқанымен бразилиялық орнынан қайта тұрып, қашықтықты сақтап ойнауға көшті. Уокер қарсыласының ауыр соққыларынан шебер жалтарып, лоу-кик арқылы аяққа жұмыс істеді.

Екінші раундта Миньян әдеттегідей шабуылын жалғастырды. Бірақ әрекеттері бірсарынды болды. Осыны пайдаланған Уокер бірнеше рет аяққа дәл тигізіп, қытайлықты еденге құлатты. Бұдан кейін бразилиялық қарсыласын соққының астына алып, рефери жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Жекпе-жек нәтижесі

Джонни Уокер техникалық нокаутпен (ТКО) екінші раундта жеңіске жетті.

Бұл жеңіліс Чжан Миньян үшін UFC-дегі алғашқы болды. Бұған дейін ол төрт кездесуін де нокаутпен ұтқан еді. Ал Уокер осы жеңіспен былтырғы екі сәтсіздіктен кейін қайта оралды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары